Бал кадишаҚызы едің, Ыбырайдың Балқадиша,
Бұралған белің нәзік, о-шіркін, тал Қадиша!
Сексен қыз, серуенге шықсадағы-ау,
Ішінде шолпан жұлдыз, жарығым, сен Қадиша!
Бұраңдап, асау тайдай жүрген басың,
Қаларсың біздің сөзге-ай, қарағым, зар Қадиша!
Бір емес, екі-ай жеңгең келіп отыр,
Балкадиша Қызы едің Ыбекеңнің Балқадиша!
Өзенді өрлей біткен, шіркін-ай, тал - Қадиша!
Сексен қыз керуенге шыққан кезде,
Ішінде қара басың, па, шіркін, хан Қадиша!
Дегенде Балқадиша, Балқадиша,
Бұралған белің нәзік, шіркін-ай, тал – Қадиша!