- Бакыт туралы ой
Бақыт деген не өзі?
"Бақыт деген не өзі" деп бастады топ таласты.
Біреуі оңы үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады: бақыт деген барлық байлық емес пе,
Керегінше киіп ішсең бақыттысың де емес пе?
Бірі айтады: жоқ, бақыт деген қолың жетпес маңсап қой,
Жұрттан көрі жүрсен ирек, соның өзі жақсы атты ғой.
Бірі айтады: бақыт деген, бақыт деген,
- Дос
Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең.
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
Достарың көп пе?
- Ей, омiрiм зымырап барасын ба
Дүниенің ағын да, қарасын да,
Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да.
Қарасымен шамаң жоқ таласуға,
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?
Жер мен көктің желпініп арасында,
Желігесің, түсесің қара суға.
Құйын қуған қаңбақтай аласұра,
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?
- Еркек
Тағдыр мынау бір сүріну бір құлау,
Өзі ақ салар мойыныңа қыл бырау.
Шала берме аяғынан еркектің,
Еркек деген құдірет қой құрбым ау.
Еркек деген құдірет қой біреуі мен,
Әйел қауым еркектерді сақтаңыздар жүдеуден.
Өйткені олар аз емес па саны кем,
- Еркектерди аялайык
Тағдыр мынау бір сүріну бір құлау,
Өзі ақ салар мойыныңа қыл бырау.
Шала берме аяғынан еркектің,
Еркек деген құдірет қой құрбым ау.
Еркек деген құдірет қой біреуі мен,
Әйел қауым еркектерді сақтаңыздар жүдеуден.
Өйткені олар аз емес па саны кем,
- Жигит муны
Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп, Жұртқа еткен жақсылығың.
Сен жыладың, Бір қатты соққы алдым деп,
Бақытсыз болып қалдым деп.
Жә, жә, жарар, Өткен күн оралар ма,
Қарау керек, бауырым, саған алға,
Басыңдағы бөрік пе, орамал ма?
- Жолаушы
Шат күлкісі қоңыраудай сыңғырлар
Жансың, ақын тебіреніп мың жырлар
Бар сұлулық ұя салған бойыңда
Сырға толы бір ғажайып үңгір бар
Сол үңгірге қатты ғашық жолаушым
Сенде оны сезінетін боларсың
Үңгіріңе жолаушымды апарсам бір
Бал ләззаттан есің мүлде қалары шын
- Махаббат диалогы
Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?
-Сені іздеумен мәңгілік өтер едім
-Отқа түсіп өртенсем не етер едің?
-Күл боп бірге соңыңнан кетер едім
-Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
-Жел боп қуып ақыры жетер едім
-Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
-Қойшы сәулем бәрін де көтеремін!
- оз дауысы
1) Бұлқынып жатыр. Келмейді-ау құрғыр шамасы, Бұлқынып жатыр. Таусылды-ау айла-шарасы. Сәулемнің менің аяқ пен қолын матамай, Бостандық берші, бостандық берші, мамасы. Тұмшалап қойдың несіне сонша қаусырып, Шандудан бөлек қалған ба шараң таусылып. Аяқ пен қолын матамай бос қой, мамасы, Кішкентай адам көрсетіп жатыр қарсылық. Қарашы мынау қабаржып жатқан пішінге, ЬІза мен ашу қайнайды келіп ішінде. Жетпей ме сол да, қойдың ғой мені арқандап Мамасы, босат, қызыма құрсау түсірме! Көкемді босат, аяқ пен қолын матама, Көтеріп жүрем, көтеріп өтем жотама. Басымды тігем. Бармақтай менің сәбиім бүлдіре қоймас... Бостандық берші ботама? Мамасы, босат, еркімен өссін тал шыбық! Ауа мен күнге, Ай менен нұрға малшынып. Бұлқынып жатыр, ұмтылып жатыр, қарашы Кішкентай жүрек көрсетіп жатыр қарсылық.
2)Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?
Аман-есен жеттің бе, айыр құйрық нау-құсым?
Оралдың ба, тағы да өзің өскен ұяға,
Оралдың ба, сүйіктім, екеуің де бармысың?
Қарлығашым, бұ қалай, қайда кеткен серігің?
Зияны жоқ зиялым, өкпелетті сені кім?
- Пак кыз
Қараңғы, тыныштық өңгерген,
Екеуміз мекендеген кеш.
Сен шықтың арғылау бөлмеден,
Бұл жолы киіммен емес…
Жалаңаш ақ денең көрінді,
Көзге от тамызған елес.
Еріксіз сілекей төгілді,
Бұл жолы ауыздан емес…
- Сезім
Сезбейсің ғой, сезбейсің ғой сен мені…
Көрмейсің ғой кереметті мендегі.
Түсінсеңші сарсаң болған пендені,
Түсінсеңші!
Ақыл-ойым кем бе еді?!
Hегe бұлай?
Heгe жүрміз көңілсіз?
Кетем бе деп қапаланып өмірсіз
- Сен жыладын
Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп, Жұртқа еткен жақсылығың.
Сен жыладың, Бір қатты соққы алдым деп,
Бақытсыз болып қалдым деп.
Жә, жә, жарар, Өткен күн оралар ма,
Қарау керек, бауырым, саған алға,
Басыңдағы бөрік пе, орамал ма?
- Сени ешкимге бермеимин сурамасын
Сені ешкімге бермеймін!
Сұрамасын!
Сұрамасын, жанымның мұнарасын!
Маған сені Тәңірдің өзі берген,
Пейіште періштелер жылағасын!
Мен сені көкте Күнге қызғанамын!
Сезіле ме жүректің мұздағаны?
- туган кун
Бүгін менің туган күнім ой пәле ай
Мына жұртым ау неге жатыр тойламай
Бір той жасап берер ем өзім ақ
Тәңірдің бір жырықпай қойғанай
Мына дүние неге жатыр үндемей
Алаулатып тойдың шоғын дүрлемей
Құшақ құшақ гүл шоқтарын лақтырып
мынау шапан мынау атың мін демей...
- уйлену онай уй болу киын
«Үйлену оңай, үй болу қиын» деген бар,
Саналы жастар бұл сөзді ұғып, бағамдар.
Қос өзен сынды қос тағдыр бүгін қосылса,
Жарасым тауып жасалсын ізгі қадамдар.